30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 4 азаматты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 58 жастағы Б.есімді азамат 126-бағыттағы қоғамдық көлікке отырып, жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Осы уақытта қаланың Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығымен айналысқан тағы үш күдіктіні бір уақытта ұстады.
Олардың бірі – Алматы облысынан келген 30 жастағы Н.есімді азамат. Ол жасөспірімнің телефонын ұрлап алған. Тағы бір қалта ұрысы – 30 жастағы А.есімді азамат дәл осы тізбекпен әрекет жасаған. Қоғамдық көлікте ол бөтен біреудің мобильді құрылғысын ұрлап, қашуға әрекеттенген. Қарт адамды тонаған жоғарыда аталған екі күдікті мен 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Осы эпизодтар бойынша қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды