29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Алматы-Өскемен» тасжолының Шығыс Қазақстан облысындағы аумағында жол апатынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні «Алматы-Өскемен» тасжолының 1075-шақырымында болған. «Зил» және «ВАЗ-2114» көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек