7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды.
Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен, 3200 метр биіктікте орналасқан, тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды.
Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда өтті: қиын жер бедері, сондай-ақ зардап шеккен адамның салмағы 90 келіден жоғары болған. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби және үйлесімді әрекет етті.
ҚР ТЖМ құтқарушыларының табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?