Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысының полициясы еріктілердің көмегімен 40-тан астам жоғалған адамды іздеп тапты
Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 82 адамның орналасқан жерін анықтады. Әрбір іздеу іс шарасына “LIDER.KZ” еріктілер қозғалысының өкілі белсенді түрде қатысуда.
Тәртіп сақшылары еріктілер қозғалысымен тұрақты түрде жұмыс істейді. “LIDER.KZ” еріктілер қозғалысының мінсіз жұмысын атап өткім келеді. Олар күндіз де, түнде де байланыста. Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың көбісі олардың тікелей көмегімен табылған, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдары хабар-ошарсыз кеткен 82 адамды іздестіріп тапты, оның ішінде 44-нің іздестіру іс-шарасына еріктілер қатысты.
Егер адам жоғалып кетсе, таныстарына, достарына және туыстарына дереу қоңырау шалу керек. Қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда, жоғалған адамның соңғы белгілі болған жері бойынша полиция бөліміне немесе жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабарласу қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар