Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыПолицейлер Алматы облысының Казцик ауылында синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есірткі өндірісін Алматыдан келген отбасылық жұп ұйымдастырған. Бұл үшін олар үй сатып алып, оның жанына зертханаға арнайы жабдықталған үй-жай салған. Зертхана тыйым салынған заттардың синтезі үшін толық дайындалған: химиялық реакцияларға арналған агрегаттар, өндірістік сірінді және алынған есірткіні кептіру cөрелері орнатылған, қабырғалар жылуоқшаулау материалдарымен қапталған.
Отбасылық жұптың қылмыстық әрекеттерінің дәлелдемелері ретінде полицейлермен екі зертханалық реактор, 100 кг синтезделген есірткілік ұнтақ тәріздес зат және есірткіні өндіруге арналған 800 литрден астам прекурсор тәркіленді. Осылайша бұл жағдайда қазақстандық қалалардың көшелеріне бағасы 7 млрд теңге болатын, қатты әсер ететін синтетикалық есірткінің 550 мыңға жуық дозасы жіберілмеді. Топ құрамында аса ірі көлемде есірткі өндіргені үшін ұсталғандарға мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Айта кету керек, 2023 жылдың желтоқсан айынан ІІМ-нің бастамасымен синтетикалық есірткіні өндіру үшін қолданылатын құрал-жабдықтың айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл үшін 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?