28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПолиция қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында 7,6 мыңнан астам заңсыз алкоголь мен 4119 қорап заңсыз темекі өнімін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 ақпанда көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы ПД ҰҚҚКБ және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан үш қоймадан 7668 заңсыз алкогольдік тауар тәркіледі.
19 ақпанда көліктегі ПД ҰҚҚКБ және Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Алматы облысының Көксай ауылында орналасқан қоймадан 4119 қорап темекі тауарын анықтап, тәркіледі.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-бөлігі (Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесінде орай жария етуге жатпайды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?