Кеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес17 наурызда сағат 21:44-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Көш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 17 наурыз сағат 16:30-да ересектердің қарауынсыз үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмады. Сағат 23:25-тен бастап іздестіру жұмыстары басталды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына республикалық жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы, 2 техникасы және 1 кинологиялық есеп, Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы мен 1 техникасы, оның ішінде тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, Полиция департаментінің 150 қызметкері, Еңбекшіқазақ аңшылық шаруашылығы 20 қызметкері, 40 жергілікті тұрғын және еріктілер жұмылдырылды.
18 наурызда оқиға орнына Қаракемер ауылының №6654 әскери бөлімінің жеке құрамы көмекке келді (50 қызметкер және 14 кинологиялық есеп, 3 бірлік техника, 1 ҰҰА). Сондай-ақ сағат 10:00-де іздеу-құтқару жұмыстарының орнына "Лидер-KZ", Алматы облысының еріктілері (3 автокөлікпен 15 адам) шықты.
ҚР ТЖМ РОСО және Қонаев қ. ЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынының түбін тексеріп, жұмылдырылған күштер мен құралдармен жергілікті жерде және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептеулерді пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Бала болуы мүмкін барлық жерлер тексерілуде.
Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында Алматы облысы ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып, жұмыс істейді. Іздеу жалғасуда.
Кеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді