Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысы ТЖД қызметкерлері үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
18 ақпанда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Аманат» мал базарының сыртқы жағында арық желісі арқылы еріген қар суы тасып, алаңды су басуы салдарынан кәмелетке толмаған үш ер бала елді мекеннен жырақта қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін балалардың алаңда ойнап жүріп, еріген қар суының көтерілуі салдарынан үйлеріне өздігінен орала алмағаны анықталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен техникасының күшімен балалар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Алматы облысының ТЖД ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар