22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы облысында туристік ағымның рекордтық өсімі тіркелді. 2025 жылы өңірге 2,5 миллионнан астам адам келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға көп, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Демалушылар арасында ең танымал бағыттардың бірі дәстүрлі түрде Қапшағай су қоймасы болып отыр. Биылғы жазда мұнда шамамен 1 миллион 800 мың турист тынықты. Қалғандары өңірдің табиғи інжу-маржандарын — Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және Іле-Алатау ұлттық саябағын таңдады.
Алматы облысы туризм саласында жоғары әлеуеті бар аймақтардың бірі ретінде өз мәртебесін тұрақты түрде сақтап келеді. Мұнда туристік ағым маусымға қарамастан бәсеңдемейді. Биыл шетелдік туристер саны 12%-ға, ал ішкі туризм 25%-ға артқан.
Өңірдегі үш ұлттық саябақ — «Іле Алатауы», «Көлсай көлдері» және «Шарын» — 700 мыңнан астам адамды қабылдаған.
Қапшағай су қоймасының жағалауы — Қонаев қаласы үлкен сұранысқа ие. Жазғы маусымда мұнда 1,8 миллионнан астам турист келіп, жағажайлық демалыстың рақатын көрді. Сондай-ақ биыл оқиғалы туризм белсенді дамып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Шетелдік қонақтар арасында Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және Іле-Алатау ұлттық саябағы ерекше танымал. 2025 жылдың тоғыз айында бұл үш нысанға 700 мыңнан астам адам барып, олардың 530 мыңы Көлсай көлдеріне келген. Әр үшінші келуші — шетелдік турист.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев