Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСу тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады. Жиналған тасқын су суару кезеңінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 млн текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.
Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Екі су қоймасы техникалық жай – күйі бойынша көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын,- деді «Қазсушар» филиалының директоры Бақыт Әбішев.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар