Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік28237 әскери бөлімінің құтқарушылары қашанда көмек көрсетуге әзір, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.
Бүгінгі таңда күнделікті сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейінгі уақытта ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы және арнайы техника Алматы облысы Жамбыл ауданындағы елді-мекендердегі су басу қаупін алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жұмыстарды жүргізу барысында бөлім жеке құрамы елді мекендердің өзендерінің арнасын судың ағып өтуіне кедергі келтіретін мұздардан және арық жүйелерін тазалауды жүргізуде.
Сондай-ақ әскери бөлім жеке құрамы Алматы облысы Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлестікте өзен арналарын тазалау және олардың жағаларына үйілген бөгетшелер мен қалқаншалар жасау, сонымен қатар құм толтырылған қаптармен бөгетшелер жасау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар Алматы облысы Жамбыл ауданының елді-мекендеріндегі су басу қаупін едеуір төмендетті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер