20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында құқықтық тәртіпті нығайту және криминогендік жағдайды жақсарту бойынша «Жол картасы» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста қылмыс деңгейін төмендету және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын талқыланды. Оған құқық қорғау органдарының басшылары, әкімдер, депутаттар және қоғам өкілдері қатысты.
Облыс прокуроры Берік Адамов қылмысқа қатысты жағдайдың, әсіресе жеке тұлғаға қарсы қылмыстар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар және отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар мәселесінің алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Бұдан өзге ол өмір сүру деңгейін жақсарту мен жұмыс орындарын құру қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал ететінін ерекше атап айтты.
Отырыста ұсынылған бастамалардың бірі – азаматтық белсенділермен, блогерлермен және еріктілермен тығыз ынтымақтастық орнату, пробация жүйесінің жұмысын жақсарту және учаскелік инспекторлардың рөлін күшейту. Сонымен қатар, облыс бойынша 10 мың бейнебақылау камерасын орнату және ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселелері талқыланды,-делінген прокуратура мәліметінде.
Берік Адамов осы бастамалардың сәтті іске асуы барлық тараптардың тығыз ынтымақтастығына және жергілікті билік, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосатыннын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?