Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР ТЖМ Қазселденқорғау жоғары температуралық фонға және жауын-шашынның болжамына байланысты алдын ала Қазселденқорғау бекеттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған қатысты 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды. Алматы қаласы мен Алматы облысының мұздақ көлдерінде ағынды сулардың арналарын тереңдету және назар аударуды қажет ететін учаскелерде суды қауіпсіз белгілерге дейін сорып шығару бойынша алдын алу іс-шаралары белсенді түрде жалғасып жатыр.
Жалпы, жыл басынан бері 18 аэровизуалды және 700-ден астам жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілді, мұздақ көлдерде барлау жұмыстары жалғасуда.
«Аюсай» селді ұстап қалатын бөгеттің уақтылы салынуының арқасында Құмбел өзені (Үлкен Алматы өзенінің бассейні) бойынша сел тасқынына жол берілмеді, сел шөгінділерін, ағаштардың тамыры мен діңдерін ұстап қалды. Қабылданған алдын алу шаралары елді мекендер үшін сел шығарындыларының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді, профилактикалық сипаттағы шаралар қабылдау жалғасуда, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарының тауларында мұзды және нөсер генезисінің сел қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отырғаны белгілі болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?