Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады