Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысының полициясы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша мұқият тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығы пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша дереу тіркелді.
Қайтыс болған азаматтың отбасылық қатынастарда жеке проблемалары болғанын, бұл да қылмыстық істі тергеу шеңберінде тексерілетін айта кеткен жөн, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды. ҚР ҚК 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді