Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы16 қаңтарда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өзіне суицид жасамақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды.
Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты.
Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді