Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – дейді полицияда.
Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе “102” нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар