Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысында оқушыларды мектепке таситын көлік баланы басып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде шағын автобус астында кішкентай бала жатқаны түсірілген видео пайда болды. Автокөлік жүргізушісі мектеп маңында баланы қағып өлтірді. Оқиға "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жер жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына мүлдем бейімделмеген: жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдама жоқ.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияға берген мәлімет бойынша, 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі тұрақ аумағында артқа жүріп бара жатып, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар