30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы облысында екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 500-ге жуық дерегі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы аумағында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші — 2025 жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 476 дерегі анықталды. Оның ішінде 387 шетелдік азамат республика аумағында болу ережелерін бұзған. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, 22 шетелдік азамат елден шығарылды.
Сонымен қатар көші-қон талаптарын бұза отырып, шетелдіктерге баспана немесе жұмыс ұсынғаны үшін 78 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері де анықталды – осыған байланысты 11 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Іс-шара аясында үш қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді көші-қон полициясы.
Тексеру барысында көрші мемлекеттің азаматы шетелдік тіркеуі бар автокөлікпен заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан жағдай тіркелді. Заң бұзушы анықталды және заңға сәйкес жауапқа тартылды. “Заңсыз келуші — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды