Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысының №57 мекеме қызметкерлерімен тыйым салынған заттардың колонияға өткізу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде жазасын өтеп жүрген тонаушыға тыйым салынған заттары бар сәлемдеме жолданды.
Мекеме қызметкерлерімен сәлемдемені тексеру барысында салынған өткір иісті, жасыл түсті, алдын ала болжау бойынша насвай және полиэтилен пакетіне салынған белгісіз ақ түсті дәрілер табылып, тәркіленді. Сәлемдеме жіберген Іле ауданының тұрғыны, әйел адам анықталды.
– Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?