Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам запдап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды. LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?