Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысының Жамбыл ауданында Астана күні мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Сауырық батыр мен Көкдала ауылдарында су жаңа екі медициналық нысанның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Николаевич Рожин арнайы қатысып, екі ауылдың тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.
Бұл заманауи медициналық қосындар – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл – ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмекті сапалы және уақтылы көрсетуге жасалған нақты қадам.
Бүгінде Сауырық батыр ауылында 660 тұрғын бар. Қосында 1 фельдшер және 0,5 бірлік кіші мейірбике қызмет көрсетіп, күніне 10 адамға дейін қабылдай алады. Ал, Көкдала ауылында салынған жаңа медициналық нысанның жалпы құны – 124 млн 240 мың теңге. Қазіргі таңда ауылда 400-ге жуық адам тұрады. Қосында 1 фельдшер жұмыс істеп, бұл медпункте күніне 10 тұрғынға дейін қабылдай алады.
Бұған дейін ауыл тұрғындары ескі мектеп ғимаратындағы бөлмеде медициналық көмек алып келді, енді заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы қызмет алатын болады.
Жаңа нысан барлық қажетті инженерлік желілермен, медициналық құралдармен және диагностикалық, қабылдау, ем-шара кабинеттерімен толық жабдықталған. Екі нысанның да құрылыс жұмыстарын жүргізген «Техно Снаб 2002» ЖШС.
Айта кетейік, Жамбыл ауданында жалпы саны 16 медициналық нысанның құрылысы қолға алынған. Бүгінге дейін Айдарлы, Ашысу, Қопа, ауылдарында ашылу салтанаты өткен еді. Сауырық батыр мен Көкдала ауылдарындағы нысанды қосқанда 5 нысан ел игілігіне берілді. Қалған 11 нысан 2025 жылдың тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?