Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚонаев гарнизонының гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында взводтардың жауынгерлік атысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметшілер бөлімшелердің атысын басқару, ұрыста қаруды шебер және тиімді қолдану дағдыларын пысықтайды. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмайды. Тактикалық әдістер ұрысқа барынша жақын жағдайларда меңгеріледі.
Жауынгерлердің дағдыларын шыңдау үшін оқу-жаттығу полигонында жердегі де, әуедегі де нысандарға қарудың барлық түрінен атыс жүргізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Қол гранаталарын лақтыру дағдылары да пысықталуда. Қараңғыда түнгі көру құрылғылар қолданылады, – деді 32363 әскери бөлімі 2-ші десанттық-шабуылдау ротасының командирі гвардия лейтенанты Мұхамед Сахан.
Тактикалық дайындық барысында бөлімшеге жүктелген міндеттерді ескере отырып, взводтың шабуылдағы, қорғаныстағы, күндізгі және түнгі уақыттағы арнайы әскери маневрлердегі әрекеттерінің үлгілері жасалады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?