Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚонаев қалалық көпсалалы ауруханасына түскен науқасқа ота жасаған дәрігерлер оның өт қабынан 111 тас алған. Емделушінің қазір жағдайы жақсы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 35 жастағы Қонаев қаласының тұрғынын бауырының айналасы жиі шаншып, ауру мазалаған. Дәрігерлерге жүгінген науқасқа ота арнайы лапароскопиялық құрылғы арқылы жасалған. Нәтижесінде хирургтар әбден асқынып, тасқа толып кеткен өт қабын толық алып тастаған.
Науқастың өті толып тұрғанда жарықшақты гранатаға ұқсас болды. Одан ірілі-ұсақты 111 тас шықты, - дейді хирург Ринат Тоқбазарұлы.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары осыған дейін мұндай оталар дәстүрлі ашық әдіспен орындалса, соңғы жылдары лапароскопиялық әдіске ауысқанды оң бағалады.
Оның емделушіге отадан кейін тез қалыпқа келіп, қатарға қосылуына зор ықпалы бар екенін айтты.
МӘМС аясында жасалған жоспарлы сәтті отадан кейін науқас үйіге шығарылған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар