19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам және мемлекет белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысуда.
Жоба барысында «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту» және т.б. тақырыптарында отырыстар, сондай-ақ, ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл бойынша жеке алаң өтеді.
Өз сөзінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту қажеттілігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының осы міндетті орындаудағы рөлінің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да мүшелері де сөз сөйледі. Олар жастарға жеке тәжірибелері мен жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, өзекті жобалармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастар «Алға Петербург» каналының блогері Иван Червинскиймен кездесті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары