29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы облысында баланы итеріп жіберген жекеменшік мектептің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талғарда оқушыны итеріп жіберген "Cosmo" жекеменшік мектебінің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды.
Білім басқармасының мәліметінше, оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-аналары құқық қорғау органдарына шағымданды. Мұғалім қызметінен босатылды.
Айта кетейік, мектептің білім беруге ешқандай лицензиясы жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уақытта мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді.
Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта Талғар полициясы ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек