Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көрген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші қыздың бейнежазбасын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары ең алдымен «НемолчиKZ» қорына жіберген. Оның айтуынша, асыраушысы моншада шелекпен, құбыршекпен ұрған, қайнаған су құйған.
Үндеуде айтылғандай, баланы жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алып, күнделікті ұрып-соққан. Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрып қашып кеткенімен, танысы тауып, қайта сол үйге қайтарыпты. Жәбірленуші қыз бұл қылығы үшін тағя да таяқтың астында қалған көрінеді.
Еңбекшіқазақ ауданында 9 жасар жетімге қатысты зорлық-зомбылық фактісін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева растады. Ол қыз ауруханада жатқандығын мәлімдеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді