Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысы ТЖ департаментінде су айдындарында адамдарды құтқарған үш азаматты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков 2024 жылғы 10 шілдеде Талғар ауданының Кеңдала ауылындағы Үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан кәмелетке толмаған баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен азамат Серікжан Ботанды марапаттады.
Сонымен қатар адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі 2024 жылғы 14 шілдеде Балқаш ауданының Тасмұрын каналында суға батып бара жатқан қызды құтқарған екінші азамат Қадырхан Әбдіқанға табысталды.
Үшінші азамат Нұрлан Ақмолдаев, ол 2024 жылдың 18 мамырында Балқаш ауданындағы Іле өзенінде суға батып бара жатқан 14 жасар баланы құтқарып, ТЖД бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Өміріне қауіп төнсе де бей-жәй қалмайтын азаматтардың патриоттық және батыл әрекеттерін жоғары бағалаймыз. Батыл жүрек мен қайтпас қайсар мінез еліміздің болашағын жарқын етеді!
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді