Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысының кесірінен 5 бала уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Талғар ауданына қарасты Жалқамыс ауылында болған. Анықталғандай, білім ордасында табан асты еден сырлап, қабырға бояуды ауысып келгеніне бір аптадай ғана болған директор тапсырған.
Жұма күні жұмыс аяқталғаннан кейін, балалар тараған соң, жуып-тазалап, ақтап, боядық. Сол күні ауа райы аздап салқын болды. Біздің есебімізше, күн ыстық болса тез кеуіп кетер еді. Күн салқын болған соң, бояу жылдам кеппеді, - деді Жалқамыс ауылы №15 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Гүлназ Әліғожаева.
Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, сол күні 2 кабинет қана сырланған. Бірі - қабылдау бөлмесі, ал екіншісі - оқушылар сыныбы. Бояу сіңбей жатып кабинетте сабақ та өткізілген.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызмет Жалғамыс дәрігерлік амбулаториясына №15 орта мектепте оқитын 5 оқушы жүрек айнуы, бас ауруы және бас айналуы туралы шағымдармен түстікенін жеткізді. Диагноз: бояу иісінен улану.
Иістенген 5 бала да үйіне жіберілді. Шу шыққан білім ордасында сабақтар өтіп жатыр. Мектеп директорының ісіне қатысты тексеріс тобы құрылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?