Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысында 20 жастағы жігіттен 9 келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 желтоқсанда «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ өткізу кезінде облыстық ПД ЕҚҚІҚБ және Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан. Одан әрі тексеру барысында автомобильдің салонынан қара полиэтилен пакетке салынған ұнтақ құрамы бар скотчпен оралған орамалар табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Іс бойынша Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны күдікті болып танылды, ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде табылған зат жалпы салмағы 9 келіден асатын мефедрон екендігі анықталды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Деректі облыстық департамент өз бақылауына алды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар