29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Ерболат Сарабеков тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұған дейін осы басқарма басшысының орынбасары болып қызметкер атқарды. Ал басқарманың бұрынғы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болып тағайындалған еді.
Ерболат Сарабекұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері», 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің жетекші маманы, Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, басшысы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы, басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің басшысы лауазымында болған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек