Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бақылауындағы үлестес фирмалармен оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Сотталушылар бюджет қаражатын жымқыру мақсатында осы ноутбуктерге контрафактілік үлгідегі заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқан, яғни қаржы жұмсамай, оларды интернет арқылы жүктеп алған. Салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде 122 996 086 теңге көлемінде шығын келтірілген, -делінген хабарламада.
Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар