Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Алматы облысына 22,5% өсіммен 778 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, инвестициялардың ұлғаюымен қатар көрші елдермен ынтымақтастық та жыл санап нығайып келеді.
Алматы облысында экспорт географиясының кеңеюі – аймақтың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі. Бүгінде облыс 63 елге өнім экспорттаса, оның 90%-ын өңделген өнім құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 565 млн доллардан 581 млн долларға өсті. Бүгінде өсу нүктелерін қалыптастырып отырған облыс орталағы – Қонаев және жаңадан құрылған Алатау қалаларының дамуына қысқаша тоқталып өтейін. Соңғы үш жылда Қонаев қаласының инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, 48 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары ауыстырылып, қасбеттері жөнделді, 61 шақырым инженерлік-жол инфрақұрылымы жаңартылып, 41 аула, қоғамдық бақтар мен спорт алаңдары абаттандырылды, – деді өңір басшысы.
Жалпы алаңы 133 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Оның айтарлықтай көлемін жеке құрылыс компаниялары жүзеге асырып, қаланың тартымдылығын арттыратын заманауи тұрғын үй кешендері бой көтерді. 900 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Орталық саябақ пен Қапшағай көлінің жағажай аймақтары жаңғыртылып, өткізілген ірі халықаралық шаралардың арқасында туристер саны 6,5% өсті.
Келесі жылы әлемдік деңгейдегі төрт және бес жұлдызды брендтік екі қонақүйдің құрылысы басталмақ. Бұл туризм инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сай дамытуға септігін тигізеді. Қала бюджеті 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 37 млрд теңгеден асты.
Жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 75 млрд теңгеге 7 нысан іске қосылып, 612 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде ірілері: «Оспанова Девелопмент» балық өнеркәсібі кешені, «RUN Planet Organic» алма өңдеу және шырын өндіру цехы, «QAZAQ SMART ENERGO» генерациялау және 2,2 МВт су электр станциялары. Жалпы, Қонаев қаласын дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Кешенді жоспардың аясында жүзеге асырылуда. Ол құжатта 187 іс-шара қарастырылған. 2023-2024 жылдары 124 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Мемлекеттік сараптама аяқталған соң құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік болады, – деді спикер.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?