Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысында болған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды. Қайғылы оқиға салдарынан 17 жасар жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.
Жасөспірімге мылтықпен оқ атып жарақаттан қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-на қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды.
Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп нақтылады Б.Әленов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?