Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы27 наурыз Халықаралық театр күнінде жаңадан құрылған ASSYLTAS театрының бір топ құрамы метро вагондарында ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төлегеннің ариясын, “Қыз Жібек” операсынан “Гәкку” әнін орындаған театр ұжымына халық ықылас танытып, қол соқты. Театр әртісі Алмас Шаяхметов дүйім жұртты қазақ театрларын қолдауға шақырды.
Театр адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер ететін орын. Әр қазақ театрға барып тұруы қажет, сонда күйбең тіршіліктегі проблемаларын бір сәт ұмытып, рухани байып қайтар еді, - деді Алмас Шаяхметов.
Айта кетейік, ASSYLTAS театры үш ай бұрын құрылып, “Арена” атты спектаклімен Қазақстанның бірқатар қалаларына гастрольлдік сапармен барып қайтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді