Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.
Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.
Айта кетейік, бүгін түнде, сағат 02.07-де Алматыдан 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында жер сілкінді. Тербеліс 2-3 балл қуатымен Тараз, Шымкент және Түркістанда сезілді. Сондай-ақ Тәжікстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Өзбекстанның бірнеше қаласына жетті. Қуаты – 6,5 балл.
Қазақстанның 5 өңір тұрғындары жерасты дүмпуін 21 наурыз күні де сезінген болатын. Зілзала ошағы Ауғанстанда орналасты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер