Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын болады деп күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр, - делінген ақпаратта.
15 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының тау бөктерінде және таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа бұрылады, түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында 15-20, кей уақытта екпіні 24-29 м/с.
Қонаев қаласында кей жерлерде тұман түсіп, түнде жолдар көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа бұрылады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?