19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Әлеуметтік желіде Алматы әуежайының топ-менеджері ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Компания өкілдері ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания өкілдері қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен байланыста екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен байланыс орнатқан. Тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі. Ішкі тергеу де жүргізіліп жатыр. Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2021 жылы Алматы әуежайы Түрік компаниясының ресми иелігіне өтті. Түркияның TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары