23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы халықаралық әуежайында 93 келіге жуық дәріні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша МКД «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасының аумағынан ҚР Үкіметінің 2021.06.10 № 396 қаулысымен бекітілген адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 пакет мөлшеріндегі биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген. Сонымен қатар кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі болып табылатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды, - делінген Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан хабарламада.
Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады