30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда 55 жаңа жедел жәрдем көлігі салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынған жаңа медициналық көлік дефибриллятор, электрокардиограф, жасанды тыныс алу аппараты сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған.
Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған санитарлық автокөліктердің кілтін табыс етті.
Барлық машина аудандық қосалқы станцияға таратылады, бұл медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын арттырады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 69% жедел жәрдем көлігі тозған.
Сатып алынған жаңа көлікті ескерсек, бүгінде тозу деңгейі 46%. Биыл тағы 48 автокөлік сатып алу жоспарланған. Әкімдік жедел жәрдем қызметін дамыту, оның ішінде жаңа қосалқы станцияларды жаңғырту және салу жөніндегі жұмысты жалғастырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды