10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал әнші Ерке Есмахан ажырасу тақырыбын қозғап, оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көбі тиіседі. Мысалыға, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі, жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп жүрсіздер неше түрлі тағдырға. Бұл дегенім - қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар деген де емес. Просто бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз - екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу - үлкен еңбек, - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, Ерке Есмахан өмір бойы бірге болуды армандайтынын атап өтті.
"Сондықтан шаңырақ көтерген әр жанұяға бақыт тілеп өтейік. Ажырасып, басына сынақ келген әр жанға Алла бәрін қайырымен қылсын деп тілеймін. Тілектеріңізге рахмет. Алла бұйырса, екі дүниеде де бірге болу - арман, мақсатымыз", - деп жазды өнер иесі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді