19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға "Құрметті бапкер" атағы берілді.
Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқаруда.
Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды.
Әлия Мақсұтқызы Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған.
Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары