Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваны қылмыстық қудалауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шындалиевтің айтуынша, Назарбаеваның үстінен Бас прокуратураға ешқандай шағым түспеген.
Егер қандай да бір қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы керек. Бізде ондай бірнеше орган бар: Антикор, Экономикалық тергеу қызметі, ІІМ. Егер ақпарат келіп түссе және қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ, - деді бас прокурордың орынбасары отырыста.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясының көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ербол Саиров куәгерлер Әлия Назарбаеваны «ӨКМ Операторының» соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді