22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтме жасап.
Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті.
Біз ESG принциптерін ескере отырып, бұл уақытта кемінде $150 млрд шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсаттарға жету үшін еліміздің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту бағытында жүйелі шаралар қабылдануда, - деді ол.
Әлихан Смайылов атап өткендей, Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі пленарлық отырысы «Қазақстанды жаңа индустрияландыру» тақырыбына арналады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдің өнеркәсіптік негізін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Үкімет жұмысы инвестициялар көлемін ұлғайтуға, озық технологияларды трансферттеуге, өндірістерді локализациялауға және жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құруға бағытталған. Өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық берілетін болады, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл үшін қажетті заңнамалық база мен институционалдық орта қалыптастырылды. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданып, жаңадан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Үкімет экономиканың өсу серпінін сақтау және елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды. Біз шетелдік әріптестерімізді Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға шақырамыз, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлердің пысықталатынын атап өтті.
Сондай-ақ іс-шара аясында Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесін және жалпы республиканың инвестициялық ахуалын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев