Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚұрметті отандастар! Сіздерді ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн.
Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні.
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді