7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы екіжақты қарым-қатынас сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Атап айтқанда, жоғары деңгейде өткен соңғы келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру – екі ел Үкіметтерінің ерекше бақылауында.
Сонымен қатар Премьер-министр Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-отырысының қорытындысы туралы хабардар етті, онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, экология, транзиттік-көлік саласындағы және т.б. өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Өзара саудадағы тауарлар номенклатурасын кеңейту, жаңа инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қазақ-өзбек шекарасында екі елдің өнеркәсіп саласындағы тиімді өзара іс-қимылына серпін беретін «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі елдің үкіметтері белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?