Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОсы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz Ақпараттық агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.
Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.
«Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді», - делінген хабарламада.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар