29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Өзбекстанға жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде Әлихан Смайылов ЭЫҰ тек мүше елдер үшін ғана емес, сонымен бірге жаһандық экономика үшін де маңызды саналатын әлемнің орасан зор табиғи ресурстар қоры бар стратегиялық аймағын біріктіретінін атап өтті.
Жалпы ЭЫҰ елдері шамамен 500 млн халқы бар 8 млн шаршы шақырым аумақты алып жатыр және жалпы ішкі өнімі $2 трлн-ды құрайды.
Бұл халықаралық аренада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының беделін одан әрі арттыру үшін биік мақсаттар қоюға мүмкіндік беретін Ұйымның маңызды экономикалық әлеуетін айғақтай түседі, — деді премьер-министр.
Үкімет басшысының айтуынша, ынтымақтастықты нығайтудың басым бағыттарының бірі өңіраралық сауданы ынталандыру болуға тиіс.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен тауар айналымы 40%-ға өсіп, $16,5 млрд-қа жетті. Сондай-ақ осы жылдың 8 айында тауар айналымы 3%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін Қазақстан Ұйымның әрбір еліне қосымша орта есеппен 100-ге жуық тауар түрін экспорттауға дайын, — деді Әлихан Смайылов.
Оған қоса Үкімет басшысы елімізде өңделген және азық-түлік өнімдерін тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін трансшекаралық хабтарды салу бойынша ауқымды жобалар іске асырылып жатқанын айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек