1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіПремьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузовтың мәліметінше, 2022 жылы Банк еуразиялық кеңістіктегі жетекші даму институты ретіндегі рөлін нығайтты. Бұған оның жобаларына инвестиция көлемінің айтарлықтай өсуі дәлел.
Жинақталған инвестициялық портфель жалпы құны $2,5 млрд болатын жаңа жобаларға қол қою арқылы $13,4 млрд-қа жетіп, рекордтық көрсеткіш болған, сондай-ақ есепті кезеңдегі жоспарлардан айтарлықтай асып түскен.
Осылайша қатысушы елдер азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған Банк жобаларының жалпы саны 273-ке жетті.
Премьер-министр ЕАДБ өткен жылы ауқымды жұмыс атқарғанын баса айтты. Осы ретте даму жобаларын одан әрі жүзеге асыру барысында тәуекелдерді басқаруға және Банктің кредиттік рейтингін сақтауға ерекше назар аудару қажет.
Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда $1 млрд-қа жуық артты. Ағымдағы инвестициялық портфель өсуде. Біз Банктің тұрақты дамуы және сәйкесінше қатысушы елдердегі жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек, – деді Әлихан Смайылов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?