7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана уақытта ауқымды реформаларды жүзеге асырған Қазақстан жаңғыру мен орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбекқор халқымыздың ынтымағының арқасында ел экономикасы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, жаңа өнеркәсіп саясаты тиімді іске асырылып келеді. Қоғамдық өмірімізде салтанат құрған ұлттық келісім мен әлеуметтік ауызбіршілік сияқты қастерлі құндылықтар ғана мемлекеттігіміздің тұғырын биіктетіп, экономикалық жетістіктеріміздің арқауы болып қала бермек. Халқымызды отаншылдық рухындағы ортақ мақсатқа ұйыстыруда осынау мерейлі күннің маңызы ерекше.
Ел игілігі жолында еңбек етіп, егемендікті көздің қарашығындай сақтау – біздің бәріміздің асыл борышымыз. Айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Ел еңсесі әрдайым биік болсын!, - деп жаылған Премьер-министр құттықтауында.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?